Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Лос-Анджелестегі саябақта атыс болып, екі адам оққа ұшты

KAZAKBOL.COM

Лос-Анджелестегі саябақтардың бірінде автомибиль шоуын көруге бірнеше жүз адам жиналған уақытта атыс болып, кем дегенде жеті адам зардап шекті, деп хабарлады Америка дауысы қалалық өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап.

The New York Times мәліметінше, атыста жараланған екі адам көз жұмған.

Жедел жәрдем дәрігерлері төрт ер азамат пен үш әйелді жергілікті ауруханаларға жеткізді. Кем дегенде үш науқасқа оқ тигені мәлім болды.

Не себепті атыс болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты әзірге ешкім ұсталған жоқ.

Құрама Штаттарда адам көп жиналған орындарда атыс жиілегеніне алаңдаған президент Джо Байден Конгрессті елде қару-жарақ сатуға тыйым салуды ұсынған.

Еске салайық, жақында Индиана және Техас штаттарында атыс болып, бірнеше адам оққа ұшқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM