Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Facebook атауын өзгертті. Енді компания Meta деп аталады

KAZAKBOL.COM

Facebook компаниясы атауын Meta деп өзгертті деп хабарлады негізін қалаушы Марк Цукерберг. Бірақ әлеуметтік желі атауы сол күйінде қалады.

«Адамдарды біріктіру – біздің басты миссиямыз болып қала береді. Желінің бренді өзгертілмейді. Жаңа атау біздің жүріп өткен жолымыздан хабар береді. Енді біз тек ғана Facebook болғымыз келмейді. Мен компанияны метағаламшарды әзірлеуші ретінде көргім келеді», – деп түсіндірді Цукерберг.

«Метағаламшардың» мақсаты – виртуалды әлемде адамдарды біріктіріп, олар араласу үшін бар мүмкіндік жасау, делінген Meta сайтында.

Компаниға Facebook желісінен басқа WhatsApp, Instagram, Oculus және басқа да сервистер мен қосымшалар тиесілі.

Компанияның бұрынғы қызметкері Фрэнсис Хауген атауды өзгертуге Facebook желісінде қолданушылар жайлы мәліметтердің ашық тарап кетуі себеп болды дейді. Оның сөзінше, Facebook қолданушылар мүддесінен бұрын өзінің табысын биік қойып отыр.

2015 жылы Google интернет-гиганты да компания атауын Alphabet деп өзгертті. Бірақ өнімдерінің атауы сол күйі қалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM