Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Полиция Назарбаев зияткерлік мектебі оқушысының өліміне байланысты іс қозғады

KAZAKBOL.COM

Алматы қалалық полиция департаменті Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысының өліміне байланысты «Өзіне қол жұмсауға итермелеу» (105-бап) бабы бойынша іс қозғады.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған фактіні сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестрінде тіркеген.

«Оқиғаның себептері мен жай-жапсары өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды» делінген Алматы полициясының хабарламасында.

Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі сегізінші сынып оқушысының қаза болғанын растап, оқиғаны «қайғылы жағдай» деп атаған.

«Алматыда химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі 27 қазанда сабақтан тыс кезде қайғылы оқиға болғанын растайды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін мектеп қосымша ақпарат бере алмайды» делінген хабарламада.

Дереккөзге сүйенген ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, бұған дейін «Гарри Поттер» тақырыбына арналған мектеп кешінде сегізінші сыныпта оқитын ер бала әзілдеп, юбка киген. Бұған кураторы ренжіп, оны күшпен мектеп психологына апарған. Осы оқиғадан кейін оқушының биік ғимараттан секіргені белгілі болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM