Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Фархад Харки: Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы — қазақ еліне жүлде сыйладым

KAZAKBOL.COM

Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы — қазақ еліне жүлде сыйладым. Бұл туралы Фархад Харки Риода ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Ұлтымның кім екені маңызды емес. Ең маңыздысы, қазақ еліне жүлде сыйладым. Қазақстанға өзге елден келгенімді жасырмаймын. Бірақ, көптеген адамдардың тегімді сұрап, ұсаққа баратынын түсінбеймін. Бұл жерде маңыздысы менің шыққан тегім емес, жетістігім емес пе? Ендеше, ұсаққа бармайық. Мен Риода қазақтың Әнұранын шырқата алмасам да, қазақтың туын үшінші сатыдан көрсете алдым», — деді Харки.

Ол сондай-ақ, қазақ елінің азаматы екенін мақтанышпен айтып өтті.

«Мен қазір басқа бір елдің азаматы емеспін. Қазақ елінің азаматтығын қабылдадым. Мен сол азаматтықты қабылдаған күннен бастап қазақстандық атандым. Мен осы шешімді қабылдағаныма өкінбедім. Тек қуанамын. Сол үшін бақыттымын. Әлі де қазақ елінің намысын қорғауға дайынмын», — деп атап өтті Рио олимпиадасының қола жүлдегері.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың үшінші күні ауыр атлет Фархад Харки Қазақстан қоржынына қола медаль салған болатын.

Ошибка: Вид 2216c5d386 может не существовать
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM