Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте бір үйдің төрт баласы уланып, қаза тапты

KAZAKBOL.COM

Ташкенттің Чиланзар ауданында 6-22 жас аралығында төрт адам уланып, қаза тапқан.

31 қазанда Ташкент әкімдігінің баспасөз қызметі улану оқиғасына байланысты тергеу жүріп жатыр деп мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, қайғылы оқиға болатын күні бес адамнан тұратын отбасы астанадағы өзбек кафелерінің бірінен кешкі ас ішіп, кәуап жеген. «Үйіне келген соң, анасы өзін жайсыз сезінген. Балалары үйқыға жатқан. Таңертең үш қызы және бір ұлы сол күйі көздерін ашпаған. Әйелді ауруханаға жатқызған», – деп жазады БАҚ.

Бірақ кейіннен жергілікті ақпарат құралдары денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, уланудың себебі кәуаптан емес, газдан болғанын хабарлады.

Ташкент ішкі істер басқармасы таяу уақытта түсініктеме береміз деп мәлімдеді.

Өткен аптада Наманған облысында екі адам тамақтан уланып көз жұмып, алтауы ауруханаға жатқызылған. Сол күні жедел-жәрдем көмегіне ондаған адам жүгінген. Олардың бәрі кәуап жеп уланған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM