Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Дамирбек Асылбекуулуның сотына Қырғызстан депутаттары келеді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан парламентіндегі «Кыргызстан» фракциясы Алматыда қырғызстандық экс-депутат Асылбек Дамирбекуулуның ісі бойынша сот процесін бақылауға өкілдерін жібереді. Бұл туралы қырғыз парламентінің депутаты Нурбек Алимбеков хабарлады.

Дамирбек Асылбекуулу 2018 жылы 15-16 ақпан күндері сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция барысында ұсталған. Арнайы операцияда ұсталған 35 адамның арасында кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер болған. Ұсталғандардың үшеуі – Қырғызстан азаматы.

Қырғыз депутаты Дамирбек Асылбек уулуның Қазақстанда ұсталуы (видео)

Дамирбек Асылбекуулуна қатысты алдын ала сот тыңдауы 19 қазанда басталған. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өкілі сот тыңдауы 2 қараша күнгі сағат 10-ға белгіленгенін айтты. Сот процесі ашық өтеді.

«Қазақстан жағы оның «Қазақстан азаматтығын алуына байланысты көп нәрсені айта алмаймыз» деп отыр. Сотқа өкілдеріміз қатысады. Осыдан кейін ғана ақпарат береміз» деді депутат Нурбек Алимбеков.

Бұл іс бойынша Асылбекуулынан өзге 11 адам сотқа тартылған.

Тергеу ұсталғандарды “шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды» және “трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты” деп күдіктенеді.

16 сәуірде Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы “өзге ел азаматтығын алған болуы мүмкін” деген себеппен Асылбекұлын депутаттық мандаттан айырған.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Асылбекуулуның қазақстандық паспорты барын айтқан. Асылбекуулуның туыстары бұл мәліметті жоққа шығарып, қамауды біреулердің бұрынғы депутатпен «есеп айырысуы» деп бағалаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM