Динара Кулибаева, миллиардер из списка Forbes, средняя дочь президента Казахстана Нурсултана Назарбаева.

KAZAKBOL.COM

Forbes журналы жыл сайын жариялайтын дүние жүзіндегі дәулетті адамдар тізіміне жаңадан қосылған байлардың басым көпшілігі — технология мен өнеркәсіп саласынан. Қазақстандық ең бай бес адамның ішінде Владимир Ким алда тұр.

Былтырғы есепте дәулеті 3,1 миллиард АҚШ доллары деп көрсетілген «Қазақмыс» минерал өндіру компаниясы жетекшісінің биылғы капиталы 4,5 миллиардқа жеткен. Forbes 2014 жылы «Қазақмыстың» Kazakhmys Corp. және KAZ Minerals plc. болып бөлінгенін, Кимнің осы екеуінде де үлесі бар екенін, 2013 жылы KAZ Minerals төрағасы қызметінен кеткенімен басқару кеңесінде атқарушы емес директор болып қалғанын жазады. Сонымен былтыр 766-орында тұрған Владимир Ким биыл 424-орынға шыққан.

2019 жылғы тізімде байлығы еселенген және бір қазақстандық — Болат Өтемұратов. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы іс басқарушысы әрі көмекшісі Өтемұратов биыл 3,4 миллиард долларға тең дәулетімен 645-орынға көтерілген. Былтыр 2,6 миллиард долларымен 924-орында тұрған еді. Журнал Өтемұратовтың жуырда ForteBank-тің 88 пайыз үлесі үшін 400 миллион доллар инвестиция салып, жылжымайтын мүлік бизнесіне араласқанын атап өткен.

Қазақстан президентінің күйеу баласы әрі мұнай магнаты Тимур Құлыбаев пен әйелі Динара Құлыбаева әрқайсысы 3,1 миллиард доллар капиталымен 715-орыннан көрініпті. Былтырғымен салыстырғанда 14 сатыға жоғарыласа да, екеуінің де байлығы 100 миллионға кеміген. Forbes-тің жазуынша, ерлі-зайыпты Құлыбаевтардың негізгі байлық көзі — Қазақстанның Халық банкіндегі қомақты үлестері.

Ең дәулетті адамдар тізімінде жоғарылаған және бір қазақстандық бизнесмен — Алиджан Ибрагимов. Былтыр 2,3 миллиард доллар капиталымен 1070-орында тұрған, Қазақстанда түрлі-түсті және сирек металл өндіретін Eurasian Resources Group корпорациясының ірі үлескері биыл дәулеті сол күйі қалса да, 1008-орынға шыққан.

Дүние жүзінде 2 153 миллиардер бар, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 54 адамға азайған. Барлық миллиардердің 46 пайызының, яғни 994-інің байлығы өспей, кеми түскен. Америкалық Forbes (»Форбс») журналы наурыздың 4-інде жариялаған дәулетті адамдар рейтингінде бұл құбылысты рекордтық құлдырау деп сипаттайды.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя