Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Гафур Рахимов кесірінен бокс 2020 жылы Олимпиада ойындарынан алып тасталуы мүмкін

KAZAKBOL.COM

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Атқарушы комитетінің Токиода 30 қарашада өткен жиналысында Токио-2020 Олимпиадасында бокс жарыстарын «тоқтату» туралы шешім қабылданды.

Бір ай бұрын Әуесқой бокс федереациясының (AIBA) президенті болып Өзбекстан кәсіпкері Гафур Рахимов сайланған. Ол АҚШ қаржы министрлігінің санкция тізіміне ілінген.

ХОК AIBA-ға қатысты зерттеу жүргізе бастады, түпкілікті шешім соның негізінде қабылданады.

Тәуелсіз бақылаушылардың болжамдарына қарағанда, AIBA ХОК мүшелігінен шығарылып, бокс олимпиадалық мәртебесінен айрылады.

Зерттеу қорытындысы келесі жылы маусым айында Лозаннада ХОК жиналысында жарияланады.

Еске салайық, АҚШ Әділет минстрлігі Рахимовты санкция тізіміне енгізіп, оны «трансұлттық мафияға» қатысы бар деп айыптады. Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов билігі тұсында өзбек билігі оған іздеу жариялаған. Елдің қазіргі билігімен Гафуров жақсы қарым-қатынас орната білді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM