Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Газа Секторы: 35 палестиналық пен бес израильдік қаза тапты


Израиль-Палестина жанжалы кезінде, 12 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 палестиналық пен бес израильдік қаза тапты.

Сәрсенбі күні таңертең Изариль Газа секторына әуеден жүздеген соққы берді, Ислам қарсылығы қозғалысы (ХАМАС) мен палестиналық ислам жихады Израиль қалаларына қарай жүздеген зымыран атты.

Сәрсенбі күні таңертең Изариль әскері Газадағы ХАМАС жетекшілері тұратын үйге әуеден соққы жасалғанын, соның нәтижесінде ұйымның екі жоғары лауазымды өкілінің көзі жойылғанын хабарлады.

Газадағы «Ислам жихады» тобы Израильге қарай жүз зымыран ұшырғанын жариялады. ХАМАС ұйымы да Израиль астанасы Тель-Авивке қарай 130 зымыран ұшырғанын хабарлады. Бір тәуліктің ішінде Израильге 600-ден астам зымыран атылған.

Бұл уақытта Израиль әскері жүзден астам палестиналық әскери нысандарды атқылады. Олардың бір бөлігі адамдар тұратын мекендерге жақын орналасқан. Сейсенбі күні кешке палестиналық ақпарат құралдары ондаған адамның қазасы туралы хабарлады.

Палестинаның денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, Израиль әуе соққылары салдарынан 35 адам қаза тапқан, 233 адам жараланған.

Халықаралық қауымдастық тараптарды бітімге шақырды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM