Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда SIM-карталардың бағасы 50 есеге қымбаттайды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан билігі 20 тамыздан бастап SIM-карталардың бағасын 250 сомониге (26 $) дейін көтермек. Бұл қазіргі бағадан 50 есеге қымбат.

Тәжікстандағы үш ірі мобильді байланыс операторлары бұл ақпаратты растады. Елдің ІІМ болса, бұл шешімді 29 шілдеде Данғарда шетелдік туристерге жасалған шабуылдан кейін, қауіпсіздік шараларын күшейту деп түсіндіреді.

Бұл мәселе байланыс қызметі мен құқық қорғау органдары және мобильді операторлар өкілдері арасында талқыланған. Кеңеске қатысушылардың бірі бастапқыда SIM-карталарды 1000 сомониге (104 $) дейін көтеру қарастырылды дейді.

«Кейбір қолданушылар нөмірлерін ауыстырғанды жақсы көреді, ал SIM-карталардың құнының жоғары болуы мұның алдын алады. Одан бөлек SIM-карталар кездейсоқ адамдарға сатыла бермейтін болады», – деп Asia-Plus ақпарат агенттігі дереккөздің сөздеріне сілтеме береді.

Мобильді операторлардың өкілінің бірі Озоди радиосына (Азаттықтың тәжік қызметі) кейбір қолданушылар ресейлік немесе қырғыздың SIM-карталарын сатып алып, роуминг қосып алады, бұл әлдеқайда арзанға түседі дейді. Қырғызстанмен шекаралас аймақтар бұл тәсілді бұрыннан қолданып келеді екен.

Тәжікстанда 9 млн тұрғын 4,1 млн мобильді байланыс қызметін белсенді пайдаланады. Қазіргі уақытта елде «Бабилон», «Тселл», «Мегафон» және «Билайн» секілді мобильді компаниялар жұмыс істейді.

29 шілдеде Хатлон облысының Данғар қаласында жеңіл көлік велосипедпен саяхаттап жүрген шетелдік туристерді қағып кетті.

Тәжікстан ІІМ мәліметі бойынша, көлік жүргізушісі салоннан шығып, туристерге қарсы қарумен және пышақпен шабуылдаған. Екі америкалық және Голландия мен Швейцария азаматы қаза тапқан. Бірнеше шетелдік ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Бұл оқиғаны «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы мойнына алды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM