Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан велотуристер шабуылына ислам партиясын айыптайды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі 31 шілдеде Данғарадағы шетелдік туристердің қазасына елінде экстремистік деп танылған Исламның жаңғыруы партиясын айыптайды.

Құқық қорғау органдарының алдын ала мәліметі бойынша, шетелдік туристердің қазасына Хусейн Абдусамадов басшылық ететін ұйым айыпталып отыр.

Абдусамадов төрт рет Иранның Кум және Мазандаран қалаларында болып, идеологиялық дайындықтан өткен. Онда ол Исламның жаңғыруы партиясының белсендісі Носир қари лақап атымен танымал Носирхуда Убайдовпен кездескен. ІІМ Данғарада шетелдік туристерге шабуыл Носир қаридың бұйрығымен жасалынған дейді.

Тәжікстан ІІМ ресми сайтында шабуылға қатысы бар делінген он күдіктінің суреттерін жариялады. Олардың бірқатары ұстау кезінде қарсылық көрсеткендіктен, өлтірілген.

Бірнеше сағат бұрын «Ислам мемлекеті» террористік тобы Тәжікстанның оңтүстігіндегі шетелдік туристерге шабуылды мойнына алған.

Ұйым мәлімдемесі осы топқа жақын Amaq ақпараттық сайтында 30 шілде күні жарияланды. Мәлімдемеде шабуылды «Ислам мемлекетінің» сарбаздары коалиция елдерінің азаматтарын нысанаға алу туралы үндеуге жауап ретінде жасағаны» айтылады. Бірақ шабуылдың қалай жасалғаны баяндалмаған. ИМ мәлімдемесі SITE барлау тобының сайтында да жарық көрді.

Тәжікстанда шетел туристерін автокөлікпен қағып кетті

Шілденің 29-ы күні Тәжікстанның Хатлон облысы Даңғара ауданы Себистан ауылдық кеңесінің Ёксу ауылы аумағында белгісіз біреулер велосипедпен саяхаттап жүрген шетелдік туристер тобын көлікпен қағып шабуыл жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Душанбедегі дипломатиялық өкілдіктер растаған ақпарат бойынша, оқиға салдарынан АҚШ-тың екі азаматы, 56 жастағы голландиялық және Швейцарияның бір азаматы қаза тапты. Тағы бірнеше шетелдік жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Тәжікстанда бұған дейін шетелдіктерге террорлық шабуыл жасалмаған. Кеше Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода үкімет оқиғаны тергейтін топ құрғанын хабарлаған. Оның сөзінше, көліктегі адамдар туристерді қаққан соң көліктен шығып, оларға оқ атып, пышақ салған. Тәжікстан билігі оқиғаны теракт болуы мүмкін деп қарастыра бастаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM