Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Германия билігі Әлішер Усмановтың 156 метрлік яхтасына бұғат салды

KAZAKBOL.COM

Германия билігі ЕО санкициясына іліккен ресейлік миллиардер Әлішер Усмановтың 156 метрлік яхтасына бұғат салды. Бұл туралы Forbes яхта бизнесіндегі үш дереккөзге сүйене отырып хабарлады.

«Ділбар» яхтасы 600 миллион доллар тұрады. Ол былтыр қазанда Гамбургтегі Blohm+Voss зауытына жөндеуге түскен. Forbes дереккөздерінің хабарлауынша, сәрсенбі күні яхтаны жөндейтін мамандар жұмысқа шықпады, өйткені яхтаға бұғат салынған. Усманов өкілдері мәліметке қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Усманов яхтасы 2016 жылы авторлық жобамен салынған. Оның құрылысына шамамен бес жыл кетті. «Ділбар» — әлемдегі ең үлкен яхта. Онда яхталар тарихындағы ең үлкен бассейн, екі тікұшақ алаңы, сауна бар.

Усманов есімі дүйсенбі күні Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты жарияланған санкциялар тізіміне қосылды. Forbes мәліметінше, ресейлік миллиардерлердің 32 мега-яхтасы бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM