Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Халықаралық валюта қоры Қырғызстанның 12,6 млн доллар қарызын кешіреді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның Халықаралық валюта қорына қарызы 12,6 млн долларға азаяды. Бұл туралы экономика және қаржы министрлігі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі табысы аз 24 елдің қарызын кешіру жөнінде шешім қабылдады. Ол елдердің арасында Қырғызстан да бар.

«Қарыздың кешірілуі қаражатты денсаулық сақтау саласы мен экономикаға бұруға мүмкіндік береді», — делінген министрлік мәліметінде.

Бұның алдында Қырғызстанның Қытай экспорт және импорт банкіне қарызын өтеу мерзімін созу туралы келіссөз жүріп жатқаны хабарланған. 51,1 млн долларды алты жылға 2 пайыздық өсіммен бөліп төлеу ұсынылған.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы биыл 416 млрд сомнан (4 млрд 921 млн доллар) асқан, соның 85 пайызы — сыртқы қарыз.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM