Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

IKEA компаниясы Ташкент түбіндегі фабрикасынан «хабарсыз»

KAZAKBOL.COM

Ташкент облысының басшысы Даврон Хидоятов биыл 8 ақпанда президент Шавкат Мирзияевқа аймақта жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды таныстырды. Сол кезде IKEA компаниясы Шыршықта жиһаз фабрикасын ашады деп хабарланған.

Ташкент облысы басшысының мәліметіне сенсек, швед компаниясы 52 миллион долларға фабрика салады, сол үшін 5,5 га жер бөлінді.

Дегенмен IKEA компаниясы Азаттық радиосына мұндай жоба туралы естімегенін, 2025 жылға дейін Өзбекстанмен іс жүргізуді жоспарламағанын хабарлаған.

Әлемнің 45 елінде жұмыс істейтін IKEA компаниясы Өзбекстанға инвестиция салуды жоспарламаған. «IKEA 2025 жылға қарай 12 жаңа нарыққа шығуды көздеп отыр. Бұл жоспарда Өзбекстан жоқ», — делінген компания таратқан ресми хабарда.

Өзбекстандағы компаниялардың ресми реестрінде Наманганда IKEA Premium, Қарақалпақстанда IKEA MM және Әндіжанда IKEA Andijan Group тіркелген. Жергілікті компаниялардың ешқайсысы Швецияның IKEA корпорациясына қатысы жоқ.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM