Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ислам Каримовтің мерейтойын атап өтуге қыздары мен немерелері келмеді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің 80 жылдығын республика деңгейінде атап өтті. Алайда мерекелік шараларға оның қыздары мен немерелері қатыспады.

Самарқанда 30 қаңтарда Ислам Каримов атындағы мемориалды комплекс ашылды, ал Карши қаласында бірінші президентке арнап ескерткіш тұрғызылды.

Мерекелік шараларға тұңғыш президенттің зайыбы Татьяна Каримова ғана қатысты. Бірақ оның не қыздары, не немерелері төбе көрсетпеді.

Ислам Каримовтің АҚШ-та тұратын кіші қызы Лола Каримова-Тилляева Facebook парақшасына не себептен бара алмағанын жазған.

«Туындаған жағдайға байланысты Самарқанға ұшып бара алмадым, бірақ сіздің туған отаныңызда, жаңа әдемі орныңызда бізді күтетініңізді білеміз, сіздің халқыңыз – өзіңіздің балаларыңыз сізді шын көңілімен жақсы көреді», – деп жазды Лола Каримова-Тилляева.

Тұңғыш президенттің үлкен қызы Гүлнар Каримова қазір абақтыда отыр. Оның үстіне тағы да қылмыстық іс қозғалған.

Ислам Каримовтің 25 жастағы үлкен немересі кіші Ислам Каримов болса таяуда ғана Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM