Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Израиль күштері Иорданның батыс жағалауында 4 палестиналықты өлтірді

KAZAKBOL.COM

Палестина автономиясы өкілдерінің хабарлауынша, израиль күштері Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Дженин қаласындағы операциясы кезінде төрт палестиналықты өлтірген.

Израиль армиясының мәліметінше, әскерилер «террористік әрекеті үшін» іздеуде болған екі содырдың көзін жойған. Олар Израиль сарбаздарына темір ұстап шабуылдамақ болған тағы бір адамды атқан. Израиль әскерилері палестиналық күш құрылымдарының өкілдерімен қақтығысып қалғаны туралы хабарлады.

Қаза болғандар арасында 16 жастағы жасөспірім бар. Тағы 20 палестиналық жараланған, төртеуінің жағдайы ауыр. Палестина денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қаза болғандар арасында «Ислам жихады» тобы мен «Хамастың» лауазымы жоғары мүшелері Нидаль Хазем мен Юсуф Шрим бар.

Биыл палестиналық содырлар мен израиль күштері Иорданның батыс жағалауында жиі қақтығысатын болды. Кейінгі бірнеше айда израиль күштерінің операциясы барысында 80-нен аса палестиналық өлтірілген. Палестиналықтар шабуылынан 13 израильдік мерт болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM