Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады

KAZAKBOL.COM

Ресей әуе-ғарыш күштерінің әуе және зымыран шабуылынан қорғаныс әскері Қазақстанның Сарышаған полигонында кезекті рет жаңартылған зымыранын сынады.

Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты «Красная звезда» газетінің хабарлауынша, Ресей әуе-ғарыш күштері әуе және зымыран шабуылынан қорғаныс құрылымы қолбасшысының орынбасары Андрей Приходько «жетілдірілген зымыраннан қорғаныс жүйесі тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы дәлдеп атып түсіргенін» айтты.

Зымыраннан қорғаныс жүйесінің сынақтан қашан өткізілгені және басқа да егжей-тегжейлі ақпарат берілмеді.

Ресей Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға бағыттап жиі зымыран атады. Ресей соңғы рет зымыраннан қорғаныс жүйесін биыл ақпанның ортасында сынаған.

Ресей қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, бұл жүйе Мәскеу қаласын «әуе-ғарыш шабуылдарынан» қорғауға, сонымен бірге «зымыран шабуылдарын ескерту мен ғарыш кеңістігін бақылауға» арналған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM