Тель-Авив қаласында палестиналық бір азаматтың шабуылынан кем дегенде сегіз адам зардап шекті. Бұл туралы The Jerusalem Post басылымы хабарлады.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға қарағанда, жас жігіт автокөлікпен бірнеше адамды қағып, одан соң көшеде кетіп бара жатқан бір адамды пышақтаған. Жәбірленуші бір әйелдің жағдайы мүшкіл.
Footage of the TERROR ATTACK in Tel-Aviv.
Multiple injuries, including some critical in Tel Aviv in a car ramming terror attack, the terrorist was neutralized. pic.twitter.com/W2FgnZFwBA
— NVN | Now Video Network (@NowVideoNetwork) July 4, 2023
Шабуылдаушыны сол жерде өтіп бара жатқан бір адам атып өлтірген.
Полиция мәліметінше, бір топ адамға шабуылдаған 20 жастағы палестиналық жігіт Иордан өзенінің бастыс жағалауында тұрған. Ол Израильге емделуге келген. Ол адамдарға жалғыз өзі шабуылдаған, бірақ полиция тағы бірнеше күдіктіні ұстаған.
Полиция мұндай шабуылдар көбейеді деген болжаммен Израильде қауіпсізді шараларын күшейтті.
KAZAKBOL.COM