Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті 18 жылға соттады. Сот үкіміне сай, Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Мәсімовке «мемлекетке сатқындық жасады», «билікті күшпен басып алмақ болды», «қызметін асыра пайдаланды» деген айып тағылған.

Сондай-ақ Мәсімовтің орынбасарлары – Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Осипов 3 жылға сотталды. Үшеуіне де мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды.

Садықұлов «мемлекетке сатқындық жасады», «билікті күшпен басып алмақ болды», «қызметін асыра пайдаланды» деп; Ерғожин «билікті күшпен басып алмақ болды», «қызметін асыра пайдаланды» деп; Осипов «қызметін асыра пайдаланды» деп айыпталды.

Төртеуі де генерал әскери шенінен және мемлекеттік наградаларынан айырылды. Соттың хабарлауынша, мемлекетке 10 миллиард теңге мен 24 миллион доллар өндірілді. Сот үкімі күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

Бұл іс «өте құпия» түрде қаралды. Отырыстарда не айтылғаны белгісіз. Билік сот процесі кезінде ұлттық қауіпсіздікке зияны тиетін деректер айтылады деген еді. Сот процесі құпия қаралып жатқан тұста Мәсімовтің жақтастары мен туыстары іс заңсыз қаралып жатқанын, айыпталушыларға қысым жасалғанын айтқан.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көп жыл бойы сенімді серігі болған Кәрім Мәсімов былтыр 5 қаңтарда, Қаңтар қырғыны кезінде қамалған. Ол сол күні Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан. Осы отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев басқарып келген кеңес төрағалығын өз қолына алғанын және Қазақстанға «халықаралық террористік топ» шабуыл жасағанын мәлімдеген.

8 қаңтарда ҰҚК «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен Кәрім Мәсімовтің қамауға алынғанын, 13 қаңтарда «билікті күшпен басып алу» бабы бойынша да іс қозғалғанын хабарлаған. Кейін оның үш орынбасары да қамауға алынған. Ал Мәсімовтің бірінші орынбасары болған Самат Әбіш (Назарбаевтың немере інісі) қамалмаған еді.

Биыл 5 қаңтарда Қазақстан бас прокуроры Берік Асылов Мәсімовті «Қаңтар оқиғасын негізгі ұйымдастырғандардың бірі» деген еді.

238 адамның өмірін алған Қаңтар қырғынына дейін Мәсімов Қазақстандағы ықпалды адамдардың бірі болды. Ол 2016 жылдан бері ҰҚК басқарып келген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM