Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей әуе күштері Идлиб провинциясына соққы жасады

KAZAKBOL.COM

Сейсенбі күні Ресей және Сирия ұшақтары Идлиб провинциясын, сонымен бірге Хама провинциясының солтүстік аудандарын әуеден соққылады. Сирияның қарулы оппозициясының мәліметі бойынша, Ресейдің үш әскери ұшағы бірнеше ондаған соққы жасаған.

Әуе соққысынан бірнеше сағат бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияны, Ресейді және Иранды Идлиб провинциясына шабуылдаудың «ірі гуманитарлық қателік» екенін ескерткен. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ескертуді назарға алмай, Идлиб провинциясын «терроризм ошағы» деп атаған.

Штабтар қолбасшыларының бірлескен комитетінің төрағасы Джозеф Данфорд Идлибке әскери шабуылға қарсы шығып, оның орнына дәлме-дәл контртеррористік операциялар жасауды ұсынған, деп хабарлады Reuters.​

Америкалық және еуропалық шенеуніктер Сирия үкіметінің Идлибті жаулап алу әскери операциясына қатысты алаңдаушылығын білдірді. АҚШ қорғаныс министрлігі Идлибте химиялық қару қолданған жағдайда Сирия үкіметіне жауап беретінін ескерткен. Пентагон Сириядағы нысандарды белгілеп қойды, деп хабарлады америкалық БАҚ.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM