Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

КҚК: Пригожиннің жеке активі 20 млрд доллардан асады, ұлының Италияда 3,5 млн еуро тұратын зәулім сарайы бар

KAZAKBOL.COM

Ресейдегі «Вагнер» жеке әскери компаниясының иесі Евгений Пригожиннің туыстарының Италияда құны 3,5 млн еуро болатын зәулім үйі бар. Ал өзінің жеке активі 20 млрд доллардан асады. Бұл жайында «Коррупцияға қарсы күрес қорының» зерттеуінде айтылады.

Зерттеу материалына қарағанда, Пригожиннің ұлы Павел петерборлық ресторатор Сергей Инкиннің қызы Екатеринаға үйленген. 2017 жылы Павел Форте-деи-Мармидан көлемі 400 шаршы метрді құрайтын 3,5 млн еуроға зәулім үй сатып алған. Бұл ауданнан ресейлік олигарх Роман Абрамович пен Олег Дерипаска, сонымен бірге вице-премьер Александр Хлопонин да үй сатып алған. Соңғысы кейін үйін кәсіпкер Михаил Прохоровқа сатқан.

Қордың негізін қалаушы Алексей Навальныйдың әріптестері «Вагнердің» басшысы мемлекеттік келісім-шарт негізінде пайда тапқанын айтады. Атап айтқанда, Пригожиннің фирмаларының бұрынғы күзетшісі Арсений Бердяев «Технология» фирмасының иесі. Бұл компания орыс әскери бөлімшелерге тамақ тасымалдаумен айналысады. Соңғы бір жарым жыл ішінде «Технология» фирмасы мемлекеттік келісім-шарт негізінде 847 млн рубль алған.

Пригожинге тиесілі «Конкорд» фирмасы да қорғаныс министрлігі үшін түрлі шаралар өткізіп, соңғы бір жылда 262 млн рубль ақша тапқан.

Журналистердің есебінше, тек ашық мәліметтер бойынша, Пригожиннің активі 20 млрд доллардан асады.

23 маусымда Пригожин Ресей әскері «Вагнердің» базасына ракетамен шабуылдады деп хабарлады. Кейін «Вагнердің» 25 мың жауынгері Шойгу мен Герасимовті жазалау үшін Мәскеуге қарай шыққан.

«Вагнер» бір күннің ішінде Дондағы Ростов қаласын бақылауға алған. Бүлік кезінде «Вагнер» бірнеше тікұшақ пен Ресей әскерінің ұшағын құлатқан. Бірнеше ұшқыш қаза тапқан.

Пригожин Александр Лукашенкомен келіссөзден кейін бүлікті тоқтатқан еді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM