Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Кәсіп ашамын»: Шымкенттік тұрғын қомақты қаржысынан айырылды

KAZAKBOL.COM

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 41 жастағы тұрғыны (азаматша) арызданған. Ол өз арызында, алты жылдан бергі танысы «Кәсіпті бірлесе бастаймыз» деп, алдын ала 1 100 000 (бір миллион бір жүз мың) теңге ақшасын алып, алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын мойындады. Және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ, алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM