Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Көлік сатамын деп, қолдағы ақшасынан айырылды

KAZAKBOL.COM

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында, өзі сатылымға қойған «ВАЗ-2114» маркалы автокөлігін бөгде екі ер адам алдымен айдап көріп, сосын сатып алатынын айтып, сеніміне кіру арқылы тізгіндеген бойы оқиға орнынан бой тасалағанын жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі — 650 000 (алты жүз елу мың) теңге.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке бастарын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, Түркістан облысының тұрғындары анықталып, жеткізілді. Екеуінің де жасы – 21-де. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі кезде ұсталған азаматтар кінәларын толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барғандарын және бұл үшін өкінетіндерін жеткізді. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Осы ретте, полиция қызметкерлері азаматтарға жеке мүліктеріне мұқият болып, сақтық шараларын қатаңдатуды ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM