Кабулда болған жарылыстан Азат Еуропа/Азаттық радиосы Ауған қызметінің журналистері Абдулла Хананзай оператор болып жұмыс істеген. 8 мамырда ол үйленгеніне бір жылдығын атап өтуге дайындалып жүрген. Екінші оператор Сабоуун Какар қауіпті ошақтардан, әсіресе радикалды исламшылар көп шабуылдайтын жерлерден видео түсірілім жасайтын.
Тағы бір теракт құрбаны Махаррам Дуррани Ауған қызметіне 15 мамырдан бастап қызметке кірісу керек еді. Ол радионың әйелдерге арналған бағдарламасында жұмыс істеген. Маххарам Кабул университетінде ислам заңдылықтары бойынша білім алған.
«Бұл жантүршігерлік жаңалық, — деді Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Томас Кент, — біз батыр журналистердің, әріптестеріміздің өліміне қатты күйзеліп отырмыз, олардың жақындарына, отбасына қайғырып көңіл айтамыз».
Терактіден БАҚ-тың 10 қызметкері қаза тапқан. Олардың ішінде France Press агенттігінің фототілшісі, 1TV, Tolo News және Mashal TV арналарының журналистері бар.
30 сәуірде Ауғанстан астанасында екі теракт болды. Бірінші жарылыста АҚШ елшілігі маңында жихадшы өзін жарып жіберген. Оқиға орнына құтқарушылар мен журналистер келген кезде екінші жихадшы тағы бір теракт жасаған. Ол өзін телеоператор ретінде көрсеткен. Екі терактіге де жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы алған. Екі жарылыстан кемінде 30 адам қаза тауып, 50-ден астамы түрлі жарақат алған.
KAZAKBOL.COM