Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Камчаткада туристер мінген тікұшақ құлады. 16 адамның сегізі аман қалды

KAZAKBOL.COM

12 тамызда Камчаткада 13 жолаушы, үш экипаж мүшесі бар Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, апаттан сегіз адам қаза тапты.

Тікұшақ Куриль көліне құлап, шамамен 100 метрге батқан, дейді құтқарушылар. Алты жолаушы және экипаждың екі мүшесі тікұшақтан шығып үлгерген. Мамандардың айтуынша, көлдегі судың температурасы шамамен 5-6 градус, онда ұзақ уақыт қалу мүмкін емес. Оқиға орнына төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстарына 45 адам жұмылдырылған.

Аман қалған сегіз адамды Петропавловск-Камчатск қаласына алып барады. Екі адамның жағдайы ауыр, деп хабарлады өлке үкіметінің баспасөз қызметі.

Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына қалың тұман себеп болуы мүмкін, деп хабарлады «Интерфакс» дереккөзі. Қылмыстық іс қозғалды.

Камчаткада апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағына шамамен 40 жыл болған. 2020 жылы тікұшақты толықтай жөндеген.

6 шілдеде Камчаткада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырап, 28 адам опат болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM