Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресей әскерлерінің Біріккен теңіз оқу-жаттығулары өтіп жатыр (фото)

KAZAKBOL.COM

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз Күштерінің «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» және «Қазақстан» ракеталық-артиллериялық кемелері Ресей Федерафиясы Әскери-теңіз күштерінің Каспий флотилиясымен бірлескен оқу-жаттығуарына қатысуда.

 

Оқу-жаттығулар Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында өтіп, 22 қыркүйекке дейін созылады. Жуырда Ақтау қаласының портына ресейлік «Татарстан» кемесі мен «Ступинец» катері, сонымен қоса 2 гидрографикалық кеме, ракеталық және рейдтік тралдар, құтқару буксирі мен кіші танкер келген болатын.

Оқу жаттығулар Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың жеке басшылығымен өтуде.

Жыттығу барысында Қазақстан мен Ресей Әскери-теңіз Күштері біріккен топтарының жаңа ұрыс формалары мен әдістерін зерделеуге басты назар аударылмақ. Екі елдің теңізшілері арнайы операциялар мен ұрысты жүргізу бойынша бірқатар сұрақтарды пысықтап, кемелердің бірлескен іс-қимылдарын, тапсырманы орындау орнындағы маневлерді жүзеге асыратын болады.

Осы жаттығулардың нәтижесінде екі елдің біріккен штабтарының үйлесімділігі бағаланып, офицерлердің біліктілік деңгейі сынға алынады.

Бүгінгі күні, біріккен оқу-жаттығуларды өткізуден басқа, қазақстандық және ресейлік әскери теңізшілер Халықаралық армиялық ойындары барысында өзара іс-қимылдарды бірлесе өткізіп, машықтылықтарын арттырып келуде.

 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының

баспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM