Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кішкентай сәбиін қазанға салып «пісірген» ана жұртты шошытты (видео)

KAZAKBOL.COM

Әлеуметтік желіде баласын қазанға салып, қақпағын жауып қойған ананың видеосы таралып кетті. Баласына мұндай қиянат жасаған келіншектің әрекеті жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады kaz_stars Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадрда қазанның «ыстық» қақпағын әрең ашқанда, оның ішінен кішкентай нәресте шыға келгені көрінеді.

Көкөністің арасында жатқан сәбиді көрген желі қолданушылары шу шығарып, видеоны түсірген адам мен баланың анасын жерден алып, жерге салды.

«Мынау не масқара», «Баланы осылай қорлауға болады ма?», «Фотосессия болған күнде де басқасын ойлап табуға болады ғой»;

«Қазіргі жастар ойланбай іс қылады. Балаға обал», «Елдер әбден есірген», «Өзі туған баласын қалай қорлауға болады?»;

«Кіп-кішкентай болып, ештеңе түсінбей жатыр ғой», «Қазанға салғаны аздай, бетін қақпағымен жауып қойғаны несі?», — деп ұрыса жөнелді көпшілік.

Айта кетейік, видеоның қай елде түсірілгені белгісіз.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM