Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Комиссия «Абай» шахтасындағы апатқа «АрселорМиттал Теміртау» кінәлі деп тапты

KAZAKBOL.COM

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында болған апаттың себебін тексерген мемлекеттік комиссия тексеру нәтижесін жариялады.

7 қарашада болған апаттан алты шахтер қаза болып, үшеуі жараланған еді.

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің сөзінше, комиссия апатқа «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жүз пайыз кінәлі деп тапқан.

Министр шахтаның астына қалған 64 адам, шахта басшысы, қауіпсіздік бойынша бас инженер тергеуде куәгер ретінде жауап беріп жатқанын айтты.

— Комиссияның шешімі тергеу органдарына беріледі, олар апатқа айыпты қызметкерлерді анықтайды. Жұмыс беруші барлық нұсқамен келісіп отыр, — деді Ильин.

Министрдің айтуынша, апат болған күні бұрғылау болмаған, техникалық ауысым дайындық жұмыстарын жүргізген. Апатқа дейін метан концентрациясы көтерілген, бірақ апат болардан бір күн бұрын мұндай байқалмаған. Құрылғылар 7 қараша таңертең дабыл қаққан, бұл уақытта жұмысшылар жұмысқа кірісіп кеткен.

Ильин жарылыс өте күшті болғанын, тау массасы 200 тоннаға дейін, газ метан қосындысы 8 мың кубқа дейін жеткенін айтады.

Метан жарылысынан алты шахтер бірден көз жұмған. Министрдің сөзінше, кезекші диспетчер электр қуатын дер кезінде өшіріп, эвакуация жасағанның арқасында басқа адамдар аман қалған. Үкімет әріптестерін құтқарып қалған диспетчерді марапаттамақ.

Комиссия шахтада жұмысшылар жетіспегенін, шахтадағы геологиялық тексерістер толық жүрмегенін, құрылғылар уақтылы жаңартылмағанын анықтаған. Бірақ министр бұл фактілер апатқа әсер етпеген деді.

Комиссия жұмысынан кейін «АрселорМиттал Теміртауға» жаңа технологиялар енгізу ұсынылған. Қазір «Абай» шахтасында жұмыс тоқтап тұр. Жұмыс дегазинация аяқталған соң жалғасады я мүлде тоқтауы мүмкін.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM