Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Kompromatuzb ісі бойынша бірқатар шенеуніктер жәбірленушілер қатарына өтті

KAZAKBOL.COM

Ташкенттің қылмыстық істер бойынша Шайхантахур аудандық соты Kompromatuzb Telegram-каналына байланысы бар делінген журналистердің ісін қарауды 18 шілдеге белгіледі. Бұл туралы Өзбекстанның Жоғарғы соты хабарлады.

Биыл қаңтардың аяғында құқық қорғау органдары шенеуніктерге қарсы компромат мәліметтерді жариялаған Kompromatuzb Telegram-каналына байланысы бар деген күдікпен Human.uz басылымының директоры Хуршид Далиев пен бас редакторы Муслим Мирзажоновты қамауға алған.

Кейін бұл іске қатысты еңбек министрлігінің баспасөз хатшысы Мавжуда Мирзаева пен «Өзбекмұнайгаз» компаниясының бұрынғы баспасөз хатшысы Сиявуш Хошимов қамалған. Олардың бәріне «Жала жабу», «Ірі көлемде ақша бопсалау», «Салық төлеуден қашу» және «Қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру» баптары бойынша айыптар тағылған.

«Газета.уз» басылымының мәліметіне қарағанда, айыптау қорытындысында күдіктілер 19 жәбірленуші мен 10 азаматтық даугерге жалпы 5 млрд 140 млн сум зиян келтіргені жазылған.

Олардың арасында бұрынғы еңбек министрі Нозим Хусанов, сыртқы миграция агенттігінің экс-директоры Афзал Ирматов, «Узбекчорванасл» агенттігінің бұрынғы бас директоры Бахтиёр Атамурадов, Самарқанд облысы әкімінің баспасөз хатшысы Манучехр Мирзаев, Бұхара инженер-технологиялық институтының проректоры Мирзо Шарипов, CIBGROUP компаниясы басшысы Уйгун Турсунхожаев және басқа да шенеуніктер бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM