Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Конгресс 1,9 трлн долларлық «Американы құтқару жоспарын» мақұлдады

KAZAKBOL.COM

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы коронавирус індетінің экономикаға кері әсерін жоюды көздейтін құны 1,9 трлн доллар болатын құжаттар пакетін мақұлдады.

Осыған дейін президент Джо Байден арнайы жоспарын ұсынған. (Оны кейде «Американы құтқару жоспары» деп те атайды). Жобаға тек демократтар ғана дауыс берді, республикашылдардың бірде-бірі құжатты қолдамады.

Қаражат коронавирусқа қарсы вакцина егуге, шағын бизнесті қолдауға, жұмыссыздар мен баласы барларға төленетін жәрдемақыға жұмсалмақ. Америка ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл көмек отбасылардың шамамен 90 пайызын қамтиды.

Құжат конгресте соңғы рет қаралып отыр. Бұған дейін АҚШ сенаты Байден ұсыныстарын қолдағанмен түзетулер енгізіп, өкілдер палатасына қайта қарауға жіберген.

Президент жұма, 12 наурызда құжатқа қол қоюы тиіс.

Сыншылар Байден ұсынған жоспардың ауқымы тым кең және ақшаның бір бөлігі коронавирусқа қатысы жоқ мәселелерді шешуге жұмсалуы мүмкін деп қауіптенеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM