Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жоғары оқу орындары ақылы білімнің бағасын өздері белгілейтін болады

KAZAKBOL.COM

Білім министрінің айтуынша, елімізде жоғары білім тым арзан деген пікірлір жиі айтылады.

Жоғары оқу орындарында ақылы түрде білім алудың бағасын реттейтін норманы алып тастау ұсынылып отыр. Бұл жаңашылдық жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері жөніндегі заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, жаңа заң жобасында жоғары білімнің бағасы гранттан арзан немесе қымбат болмауы керек деген норманы алып тастау ұсынылып отыр.

«Біз осы норманы алып тастауды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орындары өздері қажет деп тапқан ақыны бекітетін болады және тиісті есебін ұсынады», — деді министр.
Оның айтуынша, бұл мемлекет бөлетін гранттарға әсер етпейді.

«Біз грант бөлеміз ғой, бағасы өзгермейді. Көп адам біздің білімді тым арзан деп есептейді. Жоғары оқу орындарында білім алу тым қымбат деп ойлайтындар да аз емес. Сондықтан жоғары оқу орындарына ақылы бөлімдердегі оқу құнын өздерінің шешуіне мүмкіндік беру дұрыс деп санаймыз. Өйткені көп адам бәрібір ұлттық жоғары оқу орындарына грантқа түседі», — деді Сағадиев.
Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері жөніндегі заң жобасын бүгін мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта еңбек кодексі мен үш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM