Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы талқылауға шықты

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы талқылауға шығарылды. 21 сәуірде legalacts.egov.kz сайтында «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан президенті жарлығының жобасы жарияланды.

Талқылау 6 мамырға дейін созылады. Оған кез келген адам пікірін қалдыра алады.

Жаңа нұсқаның қаңтар айында таныстырылған үлгісінен сәл айырмашылығы бар. Егер бұрынғы нұсқада «Ң» әрпі – «Ƞ» болып таңбаланса, қазіргі нұсқасында «Ñ» болып берілген.

Бұған дейін үкімет әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді деп мәлімдеген еді.

Үкімет жаңа әліпбиге көшуді 2023 жылдан 2031 жылға дейін жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді тапсырған. Бұл – латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің билік ұсынған бесінші нұсқасы.

Назарбаев тапсырмасынан соң латын графикасындағы әліпбидің екі нұсқасы таныстырылып, екеуі де сынға ұшыраған еді.

Назарбаев 2018 жылы 19 ақпанда қаулы қабылдап, латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпби нұсқасын бекіткен. Бұл нұсқаға да қоғамда наразылық болған.

Батыс басылымдары Қазақстанның латын әліпбиіне көшу бастамасын «Ресейден іргесін аулақ салу» деп бағалаған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM