Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ЛОТОРЕЯ ОЙНАТАТЫН ЖҰЛДЫЗСЫМАҚТАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ


Бұдан былай әлеуметтік желіде лотерея ойнататын әнші-әртістер, жұлдызсымақтар жауапқа тартылады. Мәдениет министрі бүгін Мәжіліске осындай заң жобасын алып келді. Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, халыққа «батпанқұйрықты» үлестіретіндер алдымен лицензия алу керек. Егер тиісті рұқсаты болмаса онда оларға айыппұл салынады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазір кинода ғана емес, еліміздегі әрбір аты шыққан әнші, әртіс, ақын бәрі лотерея, ұтыс өткізеді.

ЖАНАТ БАҚЫТ ЖУРНАЛИСТ, КӘСІПКЕР
“Маркетингтің бір түрі ғой. Дүкенге келеді, зат алады, сонда бір сан беріледі. Сол сан арқылы тікелей эфирде телеарнадан өткіземіз. Үш жыл қатарынан өткіздім. Үш қазақтың келіншегі керемет көлікті болды. Біреудің қуанғанын көруде бақыт”.

Қуанғаны жақсы ғой. Бірақ біреуі қуанғанымен, қаншасы өкпелеп жүр. Қазір ұтысқа үй тігіп, көлік тігу сәнге айналды. Сән емес, пайда табудың көзі болды.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
“Қазір елімізде үйін, көлігін, үстіндегі көйлегін ұтысқа салып, лотерея ойнататындар көп. Бұл коммерциялық мақсатта дегенімен ойнату тәртібі бір. Елдің жүйкесі әбден жұқарды. Қатысатындар қарапайым азаматтар”.

Қарапайым азаматтардың қалтасын қағып, байығандарға енді тықыр таянуы мүмкін. Мәдениет министрлігі лотерея қызметі туралы заң жобасын алып келді Мәжіліске. Құжат бойынша осындай ойындарды ұйымдастыратындар Лотерея операторымен келісім-шартқа отырып, рұқсатын алу керек. Ал өз бетінше өткізетіндерге бұдан былай жаза қолданылады. Алдымен ескерту беріледі. Екінші рет қайталанса айыппұл салынады.

АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:
“Лотерея операторымен келіспей өткізуге болмайды. Бұл құқық бұзушылық болады. 0125Жеке тұлғаға 200 АЕК, шағын бизнеске 700 АЕК, орта бизнеске 1000, ірі бизнеске 2000 АЕК айыппұл”.

Мәдениет министрі әкелген заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдағанымен, олқы тұстарын Райымқұлованың бетіне басты. Мәселен, Қазақстанда жалғыз лотерея операторы бар екен. «Сәтті жұлдыз» компанияны таңдалған. Басқа бәсекелес жоқ оған. Сол жалғыз оператор түскен қаржының 10 пайызын спорт саласын дамытуға, 50 пайызын жүлде қорына жұмсайды. Ал жиналған қаражаттың қалған 40 пайызы кімнің қалтасына кетеді, ол жағы белгісіз.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM