Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеу облысында тұрғындардың наразылығынан соң екі мигрант ұсталды


Мәскеу облысындағы Бужанинов қыстағында жергілікті тұрғындар зейнеткер әйелді өлтіріп кетуіне байланысты наразылыққа шықты. Жергілікті бір кәсіпорында істейтін мигрант күдікті санатына іліккен.

Зейнеткер 12 қыркүйекте саңырауқұлақ теру үшін орманға шығып, содан оралмаған. Кейін оның денесі теміржол маңында табылды. Дүйсенбі күні жергілікті «Копейка» басылымы бір тұрғынның хатын жариялады. Автор «мигранттар әйелді зорлап, сосын өлтірген» деп жазған. Сонымен бірге хатта мигранттарға арналған жатақханаға байланысты қыстақ «ауылға айналды» деленген.

13 қыркүйекте кешке жатақхана маңына бірнеше жүз адам жиналып, қылмыскерді жазаға тартуын талап етті. Ғимаратты полиция қызметкерлері қоршады.

Одан соң полиция «көрші елдердің екі азаматын ұстағанын» хабарлаған. Оларға 67 жастағы әйелді зорлады, өлтірді деген айыптар тағылған.

Сергиев-Посадск қалалық округының басшысы Михаил Токаревтің хабарлауынша, билік Бужанинов қыстағындағы мигранттарға арналған жатақхананы жабуға күш салады. Жатақхана қожайынымен кездесу белгіленді, деп хабарлады шенеунік.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM