Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеуде бір өзбек мигрантының мәйіті табылды. Оның аузында кірпіш кесегі болған

KAZAKBOL.COM

Ресей астанасында бір өзбекстандықтың мәйті табылды. Оның аузында кірпіш кесегі болған, денесінде соққы іздері қалған. Бұл туралы 6 қыркүйекте «Известия» газеті хабарлады.

Полиция мәліметі бойынша, мәйітті Рябинов көшесімен кетіп бара жатқан бір адам байқаған. Марқұмның қалтасында құжаттары болған. Ол 1990 жылы туған өзбекстандық азамат, Рязань облысында уақытша тіркеуде тұрған.

Мәліметтерге қарағанда, құқық қорғау өкілдерінің алдын ала тексеруі кезінде оның аузында кірпіш кесегі, басы мен қолында ісік іздері болғаны анықталған. Мәйіт мигрант қайтыс болғаннан екі күннен соң табылған.

Басылымның хабарлауынша, Очаков-Матвеев ауданының полициясы істі тексеріп жатыр.

28 тамызда Ресейдегі ақпарат құралдары Санкт-Петербург қаласындағы кондитерлік дүкен әжетханасында 39 жастағы өзбек әйелінің мәйіті табылғанын жазды. Ол сол дүкенде сатушы болып істеген. Полиция мәліметі бойынша, оны пышақтап кеткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM