Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеу Украинаны Кремльге шабуыл жасады деп айыптады. Киев еш қатысы жоқ екенін айтты

KAZAKBOL.COM

Финляндияда ресми сапармен жүрген Украина президенті Владимир Зеленский 3 мамыр түнде Кремльге жасалған «дрон шабуылы» туралы пікір білдірді. Ол «біз Путинге де, Мәскеуге де шабуыл жасамаймыз» деген.

Кремльге жергілікті уақытпен түнгі сағат 2 мен 3-тің ортасында «екі дрон шабуылдағаны» туралы ақпаратты ресейлік телеграм-арналар 3 мамыр түстен кейін жаза бастады. Кейін ресми БАҚ іліп әкетті. Әлеуметтік желіде Кремль күмбезінде желбіреп тұрған туға дрон соғылғанын көрсетеді дейтін видеолар тарады. Кейін Кремльдің баспасөз қызметі де «шабуылды» президент Владимир Путинге жасалған қастандық деп бағалады және қарымта жауап болатынын ескертті. Ресми мәлімдемеге қарағанда, түндегі «дрон шабуылы» кезінде Путин Кремльде болмаған.

Шабуылды айыптаған Ресей думасының жетекшісі Вячеслав Володин оны «Украинаның ісі» деп біледі және Украина билігін «террористік ұйым» деп тануды ұсынды әрі «Киев режимін құртатын қаруды қолдануды» талап етті.

Оқиғадан соң Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасында билік органдарына тиесілі емес дрондардың ұшуына тыйым салынғанын мәлімдеді.

Түнгі дрондардың Украинаға тиесілі емесі жөнінде президент Владимир Зеленскийден бұрын баспасөз хатшысы Сергей Никифоров хабарлады. Ол «Украина әлеуетін өзгелерге шабуылдауға емес, басып алынған жерлерін азат етуге жұмсайды» деген. Зеленскийдің кеңесшісі Михаил Подоляктың сөзінше, «Украина қарулы күштері Кремльге шабуылдамаған және ол ешбір мәселені шешпейді».

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен «дрондар шабуылы» туралы ақпаратқа күдіктене қарайтынын, Кремльдің мәлімдемелеріне күмәнданатынын айтқан. New York Times басылымының жазуынша, Украина әскерінің Ресей аумағына шабуылы жөніндегі сұраққа Блинкен «Украина өз жерін қалай қорғауды өздері шешеді» деп жауап берген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM