Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәсімов ақтөбеліктерді «біздің жерлес» деп атаған Сапарбаевқа таң қалды

KAZAKBOL.COM
Фото: NUR.KZ

Ақтөбе облысының әкімі премьер-министрдің өңірге бір күндік сапарында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Дағдарысқа қарамастан үлкен компаниялармен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. «Қазхром», «СNPС» компаниялар тарапынан қолдау білдіріп жатыр»,-деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі премьердің-министрдің алдында ірі жобаларды өз қалталарынан қаржы шығарып, қолдау білдіріп жатқан ақтөбеліктердің атын атады. Әрқайсысын бөліп жармай, Сапарбаев барлығын «біздің жерлес» тіркесімен айтты.

«Облыс орталығына мың орынға арналған «Жастар сарайы», 500 орындық «Оқушылар сарайы» салынып жатыр. Облысқа мұражай салуды біздің жерлесіміз Исламбек қолға алды. Ол қазір Астанада тұрады, құрылысқа қаржы бөліп отыр. Біздің жерлесіміз Зәмзәгүл неке қию орталығын салып жатыр. Марал Итеғұлов жас мамандарға жатақхана салып жатыр», — деді облыс әкімі.

Премьер-министр Бердібек Сапарбаевтың «наш земляк» сөзіне таң қалып, таңданысын жасыра алмады.

«Наш земляк дегеніңіз ақтөбеліктер ме?», — деді Мәсімов.

«Иә, Ақтөбе?! Сосын ғой енді осылай айтқаным…», — деген облыс әкімі бір күліп алды.

Еске сала кетейік, премьер-министр Кәрім Мәсімов Ақтөбедегі қарулы қақтығыстан соң қаланың жағдайымен танысуға келген болатын.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM