Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Маңғыстау облысында ракета әскерлері мен артиллерия бөлімдерінің оқу жаттығулары аяқталуда (фото)

KAZAKBOL.COM

Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында ракета әскерлері мен артиллерия бөлімдерінің лагерьлік жиындары аяқталуда. Бір ай ішінде еліміздің Батысындағы Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің артиллерияшылары далалық жағдайда шабуылдаушы және қорғаныс ұрыс әрекеттерін пысықтады.

 

Жиын басында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров артиллерияшылардың алдына жеке құрамның далалық машықтылығы мен жауынгерлік іс-әрекеттерді ұйымдастырудағы біліктілікті арттыру бойынша нақты тапсырмаларды қойып өтті.

Артиллериялық жиындардың барысында Батыс аймағындағы барлық артиллериялық бөлімдер Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонына шоғырландырылды. Жеке құраммен жеке атыс жаттығулары, нормативтерді орындау бойынша сынақтар және батареялардың тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Офицерлер атысты түзету бойынша ерекшеліктерді қарастырып, аймақтағы климаттық жағдай мен тәулік уақытына қарамастан нысаналарды жою,  қондырғының атыс позициясын тез арада ауыстыру және атысты қаруды қалыпқа келтірусіз жою бойынша сұрақтарды жан-жақты қарастырды.

Артиллериялық атыстар «Град» жаппай атыстын реактивтік жүйелерінен, «Гвоздика», «Акация» және «Тюльпан» артиллериялық қондырғыларымен, Д-30 гаубицалары мен минометтермен жүргізілді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Асқар Биназаровтың айтуы бойынша, әскери қызметшілер үшін артиллериялық есептоптардың атыс позициясында орналасу уақытының қысқаруы өте маңызды, сонымен қоса артиллеристтер үшін барлау және ұшқықсыз ұшу аппарат бөлімдерімен өзара қарым-қатынасты оңтайландыру қазіргі заманның талабы болып табылады.

Атыс даярлығынан басқа, жиындар барысында командирлердің бөлімшелерді басқарудағы кәсіби шеберліктері, бөлімше, есептоп пен экипаж жеке құрамының өзара алмаса білуі жетілдірілді.

Лагерьлік жиындар Құрлық әскерлерінің барлық өңірлік қолбасшылықтарында ұдайы түрде өткізіліп отырады. Аталмыш жиындар 15 қыркүйек күні аяқталады. Оның қортындысы бойынша үздік артиллериялық батарея командирі, минометтік взвод пен оқ атыс взводы, сонымен қоса топогеодезист, есептеуші, барлаушы-қашықтықты өлшеуші және радиотелефонист анықталады.

 

Ескерту: Артиллерия – жауынгерлік ұрыстағы негізгі оқ күші болуына байланысты, «Соғыс құдайы» деп те атайды. Осы тәріздес лагерлік жиындар жыл сайын барлық өңірлік қолбасшылықта өтіп отырады..

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының

баспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM