Көренкі сурет. Фото: IslamDag
Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі хабарлады деп жазады halyknews.kz.
Жергілікті имамның айтуынша, жамағат дауыстап «әумин» десе, Ханафи мәзһабының дәстүрін «бұзатын» көрінеді. Осыған шамданған имам әлгі жігіттің үстінен сотқа шағым түсіріпті.
Бұл іс сотқа дейін жетіп, «тәртіп бұзушыға» 50 АЕК бойынша 113 мың теңге айыппұл салған. Бұл мәселе Азаматтық Кодекстің 490 бабы, 2 тармағында қарастырылыпты. Әзірге, шешім заңды күшіне енген жоқ.
Қазір «жапа шеккен»жігіттің құқығын қорғауды белгілі адвокат Ғалым Нұрпейісов қолына алды. Оның айтуынша, бұл абсурдты нәрсе ғана емес, «Діни қызмет туралы» заңды белшеден басу көрінеді.
«Мұндай жағдайдың қауіптілігі сол – діни қызметкерлер мемлекеттің әкімшілік күшін пайдалана отырып, мешіттер мен шіркеудегі адамдарға өзін қалай ұстауды тықпалап жатыр», – дейді адвокат.
KAZAKBOL.COM