Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Маңғыстаулық азамат мешітте «әумин» деп айтқаны үшін дауға қалды


Көренкі сурет. Фото: IslamDag

Жаңаөзендегі мешіттің бірінде айқай-шу шықты. Намазға жығылғандардың бірі «әумин» деп дауыстап айтқаны үшін, сот оны 113 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр етіпті.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі хабарлады деп жазады halyknews.kz.

Жергілікті имамның айтуынша, жамағат дауыстап «әумин» десе, Ханафи мәзһабының дәстүрін «бұзатын» көрінеді. Осыған шамданған имам әлгі жігіттің үстінен сотқа шағым түсіріпті.

Бұл іс сотқа дейін жетіп, «тәртіп бұзушыға» 50 АЕК бойынша 113 мың теңге айыппұл салған. Бұл мәселе  Азаматтық Кодекстің 490 бабы, 2 тармағында қарастырылыпты. Әзірге, шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір «жапа шеккен»жігіттің құқығын қорғауды белгілі адвокат Ғалым Нұрпейісов қолына алды. Оның айтуынша, бұл абсурдты нәрсе ғана емес, «Діни қызмет туралы» заңды белшеден басу көрінеді.

«Мұндай жағдайдың қауіптілігі сол – діни қызметкерлер мемлекеттің әкімшілік күшін пайдалана отырып, мешіттер мен шіркеудегі адамдарға өзін қалай ұстауды тықпалап жатыр», – дейді адвокат.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM