Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Маккейнді жерлеу рәсімі Аннаполисте өтеді, Трамп шақырылмады

KAZAKBOL.COM

Сенбі күні көз жұмған америкалық сенатор Джон Маккейнді Мэриленд штаты, Аннаполис қаласындағы ВМС академиясының зиратына жерлейді. Сенатормен қоштасу рәсімі Аризона штатындағы парламент ассамблеясында өтеді. Маккейн осы штат атынан Конгрессте 35 жыл қатарынан сенатор болып келген.

Жерлеу рәсіміне дейін, Маккейннің денесі вашингтондық Капитолия — америкалық парламенттің «жүрегі» Ротонда күмбезінде сақталады. Америка тарихында мұндай құрмет тек 30 адамға бұйырған екен. Маккейн мұндай құрметке ие болған 13-сенатор болмақ. Сенатордың өліміне көңіл білдіріп, Ақ үй жалауын түсірді.

Марқұмның сұрауы бойынша, жерлеу рәсіміне Құрама Штаттар президенті болған кіші Джордж Буш пен Барак Обама шақырылған. Олар президент сайлауында сенатордың бәсекелестері болған.

Маккейн өзін жерлеу рәсіміне қазіргі президент Дональд Трампты шақыруға тыйым салған. Бір партияның мүшесі болса да, Маккейн президент Трамптың саяси шешімдеріне жиі қарсы шығатын. Әсіресе, Ресей мен президент Владимир Путинге қатысты мәлімдемелерін сынайтын.

Маккейннің қазасынан соң Трамп Twitter парағына: «Сенатор Маккейннің отбасына қолдауым мен құрметімді жолдаймын. Жүрегіміз бен дұғамыз сіздермен бірге» деп жазды.

Аризона штатынан алты рет АҚШ Сенатына мүше болып сайланған белгілі америкалық республикашыл саясаткер, Вьетнам соғысының ардагері әрі тұтқыны болған Джон Маккейн 81 жасында мидың қатерлі ісігінен оңалмаған қалпы қайтыс болды.

Оның кеңсесі: «Сенатор Джон Сидней Маккейн 2018 жылғы тамыздың 25-інде таңғы сағат 4:28-де дүниеден өтті. Көз жұмарында қасында әйелі Синди мен отбасы болды» деп хабарлады.

Мәлімдемеде сенатордың «АҚШ-қа 60 жыл адал қызмет атқарғаны» жазылған.

«Жүрегім — жаралы. Мұндай ғажайып азаматты 38 жыл бойы сүйіп өткен өмір жолын бағыма балаймын» деп жазды марқұмның әйелі Синди Twitter парақшасында.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM