Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ашхабад биыл Тәуелсіздік күнін бір ай ерте тойлайды

KAZAKBOL.COM

Ашхабадтың ондаған тұрғыны «Дагдан» стадионына күнделікті жиналып, Тәуелсіздік күнін атап өтеуге дайындалады деп хабарлайды «Түркіменстанның балама жаңалықтары».

Басылымның хабарлауынша, дайындық жұмыстарына әр мекемеден 5-10 адам бөлінген. Сонымен бірге астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері де тартылған.

Түркіменстанның Тәуелсіздік күні биыл бірінші рет 27 қыркүйекте аталып өтіледі. Осыған дейін, 26 жыл қатарынан Тәуелсіздік күні ресми түрде 27 қазанда атап өтілетін.

Ашхабадтағы Азатлык тілшісінің хабарлауынша, мемлекеттік мекеме қызметкерлері күнделікті және демалыс күндері де, сағат 15:00-те «Дагдан» стадионында болуы керек. Дайындық жұмыстары 45 градус аптап ыстықта да жүріп жатыр.

Былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында, дайындық жұмыстары кезінде бірқатар банктер, әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдары жұмыстарын уақытша тоқтатқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM