Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мемлекеттік меншікті қызметтік мақсатта ғана пайдалану көзделеді

KAZAKBOL.COM

Ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының аясында ағымдағы жылғы 18 қыркүйек күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, қалалық полиция басқармасы және «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен жолдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және қызметтік автокөлікті тиімді пайдалануына бақылау жүргізілді.

Шара барысында сағат 00:30-да қаланың 7 шағын ауданында орналасқан мейрамхана жанында Жаңаөзен қаласының әкімдігіне тиесілі мемлекеттік нөмірі 106 РК Land Сruiser автокөлігінің тұрғандығы анықталды. Бақылау барысында автокөлік жүргізушісінің жүргізуші куәлігі және жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік автокөлікті пайдалануға болатын рұқсат қағазы болмағандығы анықталды.

Осыған байланысты, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық көдексінің 612-бабымен әкімшілік айыппұл салынып, мемлекеттік автокөлік айыппұл автотұрағына жабылды.

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығымен бекітілген, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 5-тармағының 10-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс делінген.

Анықталған дерекке байланысты құзырлы орган тиісті жауапкершілігін қарайтын болады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта аталған Жоспар аясында қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында осындай шаралар тұрақты жүргізіліп отырады.

Департамент Агентства РК по противодействию коррупции по Мангистауской области

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM