Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Менің президентіммен селфи» әнін «Өзбекконцерт» өткізбей қойды (видео)

KAZAKBOL.COM

«Өзбекконцерт» мемлекеттік мекемесінің шығармашылық кеңесі «Божалар» тобының әншісі Жахангир Позилжоновтың «Менің президентіммен селфи» әніне түсірілген клипті көрсетуге рұқсат бермеді. Соған қарамастан 19 желтоқсаннан бастап клипті ZO’R-TV телеарнасы көрсетіп жатыр.

Өзбекстан мәдениет министрлігінің баспасөз хатшысы Мавлюда Аскарходжаеваның мәлімдеуінше, бұл клип телеарнада тиісті органның рұқсатынсыз көрсетілген.

Еске салайық, 2017 жылы шілдеден бастап Өзбекстанда әртістерге видеоклиптерді өз бетімен жариялауға тыйым салынған. Оны әлеуметтік желілерге де жариялауға болмайды. Әншілер «Өзбекконцерт» жанындағы Шығармашылық кеңестің рұқсатын алуы тиіс.

Позилжонов бұл клипінде төрт баламен бірге көрермендерді «президентпен селфи жасауға шақырады». Клипте өнер жұлдыздары президент Шавкат Мирзияев суретімен селфи жасаған. Блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушылары «Менің президентіммен селфи» әнін сынады.

Еске салайық, өткен жылы Өзбекстанда президентті мадақтауға тыйым салынған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM