Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

МИЛЛИОНДАР ЖҰМСАЛҒАН ЖОБА АЯҚСЫЗ ҚАЛДЫ

KAZAKBOL.COM

Баянсыз бастама! Түркістан облысында қазынаның қыруар қаржысы жұмсалған жоба аяқсыз қалды. Ордабасы ауданындағы Боралдай ауылына тартылған ауыз су жүйесінің құрылысы жарты жолда тоқтап тұр. Салдарынан 50 теңгеге сатып алынған кейбір құрылыс материалдары ұрлана бастаса, енді бірі әлден бүлініп жатыр. Ауылда ауыз су болмағандықтан, тұрғындар елді мекен шетіндегі өзеннен есекпен тасып ішуге мәжбүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Су жоқ қой. Мынаның тұрысы мынау. Мынаны тура дарбазаның алдына қоямыз деп қырғын айқай қылды маған». Иманәлі Ырысымбетов Боралдай ауылында тұрады. Өзге ауылдастары секілді ол да ауыз суға жарымай келеді. Осы уақытқа дейін есік алдындағы ескі құдықтан пайдаланады. Жаз мезгілінде тартылып та қалады екен. Сол кезде жұрт жаппай елді мекен шетіндегі өзенге ағылады. ИМАНӘЛІ ЫРЫСЫМБЕТОВ, БОРАЛДАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Былтыр наурыз айында бастады. Наурыздың ортасында. Міне, жыл болды. Сол күйі тұр. Мен биыл су келеді деп сеніп тұрғаным жоқ». КСМ: Ауыз судан әбден қиындық көрген бірлі-жарым тұрғын өздігінен құдық қазып алған. Әзірге жерасты суы бүкіл боралдайлықтардың әжетіне жарап тұр. Кейбірі құдыққа телміргеннен гөрі деп, өзенге барады. Ересектері есекпен, балалары баклашкамен су тасиды. Ал, әйелдер әпкішке жармасады дейді ашынған жұрт. РАЙХАН БАЙЫМБЕТОВА, БОРАЛДАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Вообще колонка жоқ. Өйткені, жерден қанша қазғанымен су шықпайды. Мына кісілер тасып ішеді қысы-жазы. Ал, бізде күн ыстық болған кезде су шықпай қалады». ЖАРҚЫНБАЙ ҚАЛДАРОВ, БОРАЛДАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Боралдайдан барып су ішуге тура келеді. Есекпен тасимыз. Басқа не істейміз?. Боралдайлықтарды таза сумен қамтамасыз ету үшін Ордабасы ауданының әкімдігі осыдан екі жыл бұрын жеке компаниямен уағдаласып, 50 млн теңге бөліпті. Екі жақты келісімге сәйкес, құрылыс жұмыстары былтыр аяқталуы тиіс болған. Алайда, қазылған құбыр орны мен тартылған кейбір пластикалық желілер сол күйі қалып қойды. Осы күні шұқырларға мал түсіп, өліп жатыр дейді жұрт. НҰРЛАН ЖИЕНБАЙ, БОРАЛДАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мына шұқырларға екі жерге мал түсіп өліп қалды жақын арада. Бірақ, ешқандай шешім таппай жатыр. Су мәселесіне ешкім келмейді де». Бұл мәселе аудан әкімдігіне жақсы таныс. Жауапты тұлғалардың сөзінше, серіктестік өз ісіне салғырттық танытқан екен. Бірде жұмысшы таппаса, енді бірде, құрылысқа қажетті заттарды іздеп жүріп алыпты. Жобаны уақытынан кешіктіргені үшін меордігерді сотқа беріп, 1 миллион теңге айыппұл да салыпты. «Бірақ, баяғы жартас, сол жартас» дейді. АСҚАР БАЛАБИЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Бұл жерде қазір енді, водозабордың ішінде біраз жұмсыстар қалып отыр. Одан кейін қосымша 300 метр су құбырын тарту қарастырылған болатын.

Сол аяқталмай отыр». Осылайша, серіктестіктің немқұрайдылығынан тұтас ауыл ауыз суға жарымай отыр. Ал, оның нақты қашан берілетіні әзірге белгісіз.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM