Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Министр Қалмұхамбет Қасымов пышақтасқан полицейлер туралы жақ ашпады

KAZAKBOL.COM

Қалмұхамбет Қасымов. Фото: tumba.kz

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Жамбыл облысындағы полиция басшыларының бір-бірін пышақтағанына қатысты журналистерге пікір беруден бас тартты деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі.

Азаттық тілшісінің сауалына жауап бергісі келмеген министр «Ресми сауалнама жолдаңыздар» деп құтылды.

Бүгін Астанада өткен үкімет отырысынан соң журналистер министр Қасымовтан Жамбыл облысындағы полицейлердің пышақтасқанына және Павлодар облысындағы полицейлердің топ адамды соққыға жығып жатқаны туралы видеоға қатысты пікір беруді сұрамақ болған. Бірақ Қасымов «ресми сауалнама жолдаңыздар» деп қысқа ғана қайырып, комментарий берместен кетіп қалды.

Естеріңізге сала кетсек, 10 тамыз күні түнде Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті терроризмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Мұрат Үмбетәлиев департаменттің криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Бектұрғанов пен бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаевқа пышақ салып, жарақаттағаны хабарланған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полицейлер бірігіп ішімдік ішкен соң кикілжіңге келіп, соңы жанжалға ұласқан. Екі полицей пышақтан жарақат алды.

Оқиғадан соң «кісі өлтіруге оқталу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Бектұрғанов қамауға алынған, ал Үмбетәлиевке іздеу жарияланды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM