Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Министрлік: Құрлық әскері институтының курсанты қарауыл постысынан өлі күйінде табылды

KAZAKBOL.COM

3 наурызда құрлық әскері институтының курсанты қарауыл постысынан өлі күйінде табылды. Бұл жөнінде жұма күні қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу басталған, оқиға себебі анықталып жатыр деп хабарлады министрлік.

«Оқиғаның мән-жайын анықтауға құрлық әскері бас қолбасшысы бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді» деп жазылған хабарламада.

Ведомство өзге ақпарат тергеу құпиясына байланысты жарияланбайтынын хабарлады. Қаза болған курсанттың аты-жөні, қайдан екені айтылмайды.

Құрлық әскері институты Алматыда орналасқан. Мекеменің ресми сайтында «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскері әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесе даярлайтын оқу орындардың қатарына еңгізілген» деп жазылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM