Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Мирзияевқа шағымданбақшы болған әйелдерді он тәулікке қамап қойды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа милиция мен прокуратураға шағымданбақшы болған әйелдер тобын Ташкентте он тәулікке қамап қойды.

Ташкенттегі адам құқығын қорғаушы Татьяна Довлатованың хабарлауынша, 23 шілдеде отыз шақты әйелді Өзбекстан президенті әкімшілігі маңында ұстаған. Олар құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне шағымданбақшы болған. Ұсталған әйелдерді Яккасарай ауданының ішкі істер бөліміне алып кетті, деп хабарлады адам құқығын қорғаушы.

«Оларды милиция бөлімінде шамамен алты сағат ұстап, бірқатарын босатқан. Дегенмен алты әйел «ұсақ бұзақылық» айыбымен он тәулікке қамалған», — деді Татьяна Довлатова.

Ұсталған әйелдердің бірінің айтуынша, олар 23 шілдеде Ташкенттегі Тәуелсіздік алаңына қарай жүрген, мұнда президент әкімшілігінің ғимараты орналасқан. «Президент кортежі аппарат ғимаратына жақындаған уақытта, біздің жолымызды милиция автобусы бөгеді. Олар бізді автобусқа тығып, милиция бөліміне алып барды», — деді ол.

Довлатова ұсталғандардың үшеуінің кім екенін анықтаған.

«Бір әйелдің баласы түрмеде қаза тапқан. Ол баласын түрмеде азаптап өлтірді деп отыр. Екінші әйел шетелдегі отбасына қосылу үшін виза ала алмай жүр. Ұсталған әйелдердің кәмелет жасқа толмаған балалары бар, біреуінің баласы мылқау екені анықталды. Құқыққорғау органдары оларды қамауда ұстауға құқықтары жоқ. Оның үстіне, ұсталғандар абақтыдағы шығынды өз қалталарынан көтеруі керек», – деді Довлатова.

Оның айтуынша, алаңға шығардан бұрын бұл әйелдер президент әкімшілігінің виртуалды қабылдауына бірнеше мәрте жазылып, нәтиже шығара алмаған.

Президенттің баспасөз қызметі ұсталған әйелдер туралы естімегенін мәлімдеді. Ал Яккасарай аудандық ішкі істер бөлімі жауап беруден бас тартты.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM