Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мирзияевтің Термезге сапары кезінде аула сыпырушы әйелді кортеж қағып кетті


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Сұрқандария облысына сапары кезінде 57 жастағы аула сыпырушы әйелді Термез қаласының орталығында кортеж қағып кетті. Ол ауруханада жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, жолдың бір шетінде жұмыс істеп жүрген әйелді кортеждегі автокөліктердің қатты жылдамдықпен соққан.

Дәрігерлер аула сыпырушының жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалады. Науқас екі күннен бері комада жатыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жол апатына қатысты тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Оқиға 1 маусымда таңғы сағат 7:40-та болған.

Жол апаты туралы хабарлаған дереккөз жергілікті биліктің бұл оқиғаны журналистерден жасырып отырғанын айтты.

– Әкімдіктегі шенеуніктер бұл оқиғаны президент сапары аяқталғанша ешкімге айтпауды тапсырды, – деді дереккөз.

Құқық қорғау органдарының қызметкері аула сыпырушы Рано Поенованы соққан автокөлік жергілікті әкімдіктердің біріне қарайтынын растады.

Президент Шавкат Мирзияевтің Сұрқандария облысына сапары 1-2 маусымда өтті.

Термез қаласы мемлекет басшысын күтіп алуға бес ай бойы дайындалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM