Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Нұр-Сұлтанда «Ел тірегі» жетекшісі ұсталды, бірнеше жақтасы қамалды


8 қыркүйекте полиция тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевты бөлімшеге жеткізіп, үстінен «бейбіт жиын тәртібін бұзу» бабы бойынша хаттама толтырды. Бұл туралы партия өкілдері хабарлады.

Соңғы екі күнде партияның кемінде алты мүшесі 7-15 тәулік аралығында қамалған.

— Бүгін сағат 11-де полиция Әлтаевты кешегі митинг үшін алып кетті. Олардың айтуынша, рұқсат етілмеген митинг өткен. Бірақ бізде әкімдікке жіберген ескертуіміз бар. Сондықтан шара заңды. Бірақ соған қарамастан оны ұстап әкетті, – деді партия өкілі Самал Қазақбаева Азаттық тілшісіне.

Бір күн бұрын тіркелмеген «Ел тірегі» партиясы Нұр-Сұлтанда үкімет отставкасы, вакцина салуды мәжбүрлемеуді және АЭС салмауды талап етіп, акция өткізген еді. Полиция оларды орта жолда тоқтатып, артынша шамамен 25 адамды ұстап әкеткен. Бірақ акцияны ұйымдастырушы, партия жетекшісі Нұржан Әлтаевты ұстамаған.

Ол журналистерге партияның екі өкілі – ауған-тәжік соғысы ардагерлер одағының төрағасы Мұрат Мұхаметжанов пен партия заңгері Нұрсұлтан Ермахановты акцияға бір күн қалғанда полицияның ұстап, 10-15 тәулікке қамағанын айтқан болатын.

Сейсенбі күні күндіз Әлтаевтың да ұсталғаны белгілі болды.

8 қыркүйек сағат 18 шамасында Азаттық тілшісі хабарласқан кезде Нұржан Әлтаев өзінің Есіл аудандық полиция бөлімшесінде екенін, үстінен Әкімшілік кодекстің 488-бап 7-тармағы бойынша хаттама толтырылғанын айтты. Оның жанында адвокаты болған.

Әлтаевтың айтуынша, 7 қыркүйек күні ұсталған 25 адамның бәрі босатылған, тек бірнеше адам: Болат Рысбаев, Руслан Әріпжан, Пердебай Қаныбеков 7-15 күн аралығында қамалған. Оларға «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыптар тағылған. Әлтаев олардың сот шешімін апелляцияға беруді жоспарлап отырғанын айтты.

«Нұр Отанның» бұрынғы мүшесі, бұрынғы депутат Нұржан Әлтаев жетекшілік ететін тіркелмеген «Ел тірегі» ұйымы жаз айларында ардагерлер мен көп балалы аналар құқығын талап етіп, билікті сынап, акция өткізген.

Ұйымға қатысты қоғамда қарама-қайшы пікірлер бар. Кейбір белсенділер оның билікке шын оппонент екеніне күмән келтіріп, ол құрған үйлестіру кеңестің құрамына қосылмайтынын айтқан. Ал Әлтаевтың өзі бұған дейін «оппозиция өкілдері өз ішінде қырық пышақ болып, бір-бірін жамандайды, бұдан тек билік ұтады» деп бірігуге шақырған.

Әлтаевтың бастамасымен ұйымдастырылған шараларда билікке сын айтылғанмен оппозиция мен белсенділердің қудалануы, жемқорлық сияқты өткір мәселелер ашық қызу талқыланбайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM